Биыл облыс бойынша 16244 бала материалдық қолдауды қажет етеді, оның мыңнан астамы — болашақ бірінші сынып оқушылары.
Материалдық көмек алуға құқығы бар:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балалар және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.
Акцияны өткізуге аудан және облыс әкімдіктері, мемлекеттік құрылымдар белсенді қатысып, көмек көрсетуде. Республикалық акцияны өткізуге облыстың бизнес-құрылымдары да қатысады. Мысалы, «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры балаларға жалпы сомасы 12 млн. теңгеге кеңсе тауарлары бар 1199 мектеп рюкзактарын ұсынды.
Акцияны өткізу кезінде ұйымдастыру комитеттері құрылды, өңірлік іс-шаралар жоспарлары бекітілді, мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі және рейдтер ұйымдастырылады.
Акцияның 5 күнінде облыс аудандарында (қалаларында) «Мектепке жол» акциясы аясында 68 рейдтік іс-шара өткізілді, оған жұртшылық, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің ішінен 27 адам қатысты.
Рейдтік іс-шаларары бойынша 70 қолайсыз отбасы, 12 ойын-сауық мекеме, 3 компьютерлік клуб,1 саяжай шаруашылығы,8 базар тексерілді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде қолайсыз отбасылардан шыққан 38 кәмелетке толмағандар анықталды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша материалдық көмек алғандардың жалпы саны 15,5 мыңнан асады. Көрсетілген материалдық көмек сомасы 634,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 622,8 млн. теңгеге 14349 оқушы, бюджеттен тыс қаражат есебінен 12,0 млн.теңгеге 1200 оқушыға көмек көрсетілді.