2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау бойынша министрлік келесі ұсыныстарды пысықтауда. Бірінші, ШОБ-тан корпоративтік табыс салығы түсімдерін беру тетігіне ұқсас, 2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарланып отыр. Екінші, орталық пен өңір арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылады», — деді министр.
Оның атап өтуінше, ұсынылған іс-шараларды жүзеге асыру үшін бюджет заңнамасына түзетулер пакеті дайындалатын болады.
«Қазіргі уақытта аталған тәсілдер орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен пысықталуда. Мемлекет басшысының басқа тапсырмалары бойынша ұсыныстар мұқият пысықталып, жақын уақытта қосымша ұсынылады»,- деді Әлібек Қуантыров.
Дереккөз: ҚазАқпарат