Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды2023 жылы Ақмола облысында қандай маңызды оқиғалар мен жобалар жүзеге асырылады

2023 жылы Ақмола облысында қандай маңызды оқиғалар мен жобалар жүзеге асырылады

2023 жылы Ақмола облысында бірқатар маңызды оқиғалар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. ҚазАқпарат тілшісі солардың ішінде ең маңыздыларын ұсынады.

Мерейтойлар мен атаулы даталар

Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын, Ақан сері Қорамсаұлының (1843 жылы туған) 180 жылдығын атап өту жоспарланған.

Сонымен бірге, қазақ халық музыканты, сазгер, домбырашы, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл (1818 ж.) толады.

Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлері мен іс-әрекетін зерттеген тарихшы, жазушы және этнограф Алексей Левшиннің 225 жылдығы (1798 ж.).

Қолбасшы батыр, би, шешен, кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі Сырым Датұлының (1753 ж.) 300 жылдығы.

Қазақ ақыны жырау Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 330 жыл (1863 ж.)

Жошы әулетінің қазақ сұлтаны, Қасым патшалығының ханы Сұлтан Ораз-Мұхаммедтің 450 жылдығы (1573 ж.).

Бахрит әулетінен шыққан Египет пен Сирияның мамлюк билеушісі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы (билік еткен жылдары – 1260-1277).

17 қаңтар – Бурабай ауданының құрылғанына 95 жыл.

28 қаңтар – Сандықтау ауданының құрылғанына 95 жыл.

13 сәуір – Кеңес Одағының Батыры Никита Андреевич Митченконың туғанына 110 жыл.

Сәуір айында 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы Амангелді Имановтың 150 жылдығы (1873 ж.).

Сәуір айында қазақ ақыны, импровизатор Шал ақынның 275 жылдығы (1748 ж.).

5 мамыр – Социалистік Еңбек Ері Андрей Иванович Киреевтің туғанына 100 жыл (1923).

25 мамыр – Кеңес Одағының Батыры Николай Дмитревич Сергиенконың туғанына 100 жыл (1923).

25 маусым – ақын, публицист, педагог, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы (25.06.1893 ж.).

Маусым айында халық композиторы, ақын Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 160 жыл (1863 ж.).

15 шілде – Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрмановтың туғанына 105 жыл (1918 ж.).

16 шілде – агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері Александр Иванович Бараевтың туғанына 115 жыл (16.07.1908 ж.).

28 қыркүйек – қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл (28.09.1943 ж.)

25 қазан – жазушы Амантай Рахымжанұлы Сатаевтың туғанына 90 жыл (25.10.1933 ж.)

29 қазан – қазақ ақыны және аудармашысы, әдебиеттанушы, балалар жазушысы, Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы Ұлы Отан соғысына қатысушы Музафар Әлімбаевтың 100 жылдығы (29.10.1923 ж.)

29 қазан – қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл (29.10.1893 ж.).

13 желтоқсан – Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист, ақын, жазушы Әскен Нәбиевтің 100 жылдығы (13.12.1923 ж.).

Үш жел электр станциясы салынады

Биыл облыста бірқатар жаңа ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Соның бірі, Аршалы ауданындағы Борей Энерго жел электр станциясының құрылысы. Бұл жобаның инвестициялық құны 73,8 миллиарды теңгеге бағаланып отыр. Ал электр станциясының қуаты 206 МВт құрайды.

Сонымен бірге, Ерейментау ауданында Ерейментау Винд Пауэр жел электр станциясының құрылысы қолға алынады. Бұл жобаның инвестиция көлемі 24,2 миллиард теңгені құраса, станцияның қуаты 50 Мвт шамасында.

Осындай жел электр санциясы Зеренді ауданында да салынады. Бұл ЭТАЛОН ПАУЭР жел электр станциясының қуаты 18 МВт. Жобаның инвестиция құны 11 миллиард теңгені құрайды.

Кірпіш зауыты мен қайта өңдеу фабрикасының құрылысы

Биыл Аршалы ауданы аумағында жылына 120 миллион дана кірпіш шығаратын «SG Brick» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорнының құрылысы басталған болатын. Жобаның алғашқы кезеңі бойынша 27 миллиард теңге инвестиция бөлініп, шілде айында іске қосылған еді. Келер 2023 жылы жобаның екінші кезеңі жүзеге асыралатын болатын. Ол үшін 10 миллиард теңге инвестиция қарастырылған.

Степногор қаласында қуаты жылына 350 мың тонна құрамында алтын бар руданы қайта өңдейтін фабриканың құрылысы басталады. Бұл жобаның инвестициялық құны 4,5 миллиард теңгені құрайды.

Жаңа жиырма мектептің құрылысы қолға алынады

Биыл республикада «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы қолға алынады. Осы жобаны іске асыру аясында Ақмола облысында 20 жаңа мектептің құрылысы басталады.

Мектептердің барлық үй-жайлары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін білім алушылар мен педагогтердің оқу-тәрбие қажеттіліктеріне жауап беретін талаптарға сәйкес жабдықталатын болады.

Жаңа мектептер Көкшетау, Қосшы, Щучье қалалары мен Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарында салынады.

Облыс бойынша жаңа бірыңғай стандартқа сай салынатын мектептердің жалпы сыйымдылығы 20,5 мың оқушыны қамтитын болады.

Он төрт ауданда жаңа денсаулық сақтау нысандары салынады

Алдағы екі жылда Ақмола облысының 14 ауданында 38 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Сонымен қатар, Атбасар және Бұланды аудандарының орталық ауруханалары жетілдірілетін болады.

Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл халқының нормативке сай медициналық көмекпен қамтамасыз етілу деңгейін едәуір арттыра түседі және өлім-жітім мен ауру-сырқау көрсеткіштерін айтарлықтай төмендетеді.

Бұндай шара Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр.

Осы ретте, айта кетсек, денсаулық сақтаудың жаңа 38 нысаны облыс бойынша шамамен 95 елді мекенді қамтитын болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...