Понедельник, 7 октября, 2024
ЖаңалықтарМаңызды2024 жылы мектеп пәндері 100 пайыз электрондық форматқа көшіріледі

2024 жылы мектеп пәндері 100 пайыз электрондық форматқа көшіріледі

2024 жылы мектеп пәндері 100 пайыз электрондық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар виртуалды зертханалар мен геймификация элементтері цифрлық контентке енгізілуде. Электрондық оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар атсалысты. Пәндерді электрондық оқулықтармен 100 пайыз қамту 2024 жылға жоспарланған. Педагогтер үшін электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды», — деді ол.

Министр электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылатындығын айтты.

«Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған», — деді министр.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Ақмолада Қоғамдық кеңес субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарады

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында облыстық Антикордың 9 айдағы жұмыс қорытындылары талқыланды. Сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы заңнаманы одан әрі жетілдіруге жаңа серпіліс бермек

Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру мәселесін Мемлекет басшысы алғаш 2019 жылғы Жолдауында көтеріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсын­ған еді. Бұл идея «Адам...

Ақмола облысындағы жәрмеңкеге 480 тонна ауыл шаруашылығы өнімі әкелінді

Бүгін облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Қаланың орталық алаңына жиналған келушілерге өнімдердің кең ассортименті ұсынылды, деп хабарлайды, ішкі саясат басқармасы. Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өндірушілерінің...

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті

Жоғары техникалық колледж студенттері филиалға келіп, қызметімен танысты. Жолшылар студенттерді заманауи жабдықтармен, үрдістермен және технологиялармен таныстырды. Жоғары техникалық колледж студенттері «автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу...