Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандық аталды

2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандық аталды

«Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев 2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандықты атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«World Economic Forum 2025-2030 жылдары сұранысқа ие болатын ТОП-7 мамандықты атады. Солардың ішінде бұрын болмаған екі кәсіптің бірігуінен туындаған ІТ-дәрігер деген мамандық шығып жатыр. Бұрын блогерлер, SMM-менеджерлер дейтін едік. Оларды ешкім оқытпайтын да. Қазір солардың басын біріктіретін «тренд бақылаушысы» деген кәдімгі кәсіби бағыт дамып келе жатыр. «Биоинженер», «деректер талдаушысы» немесе «data-аналитик» деген мамандықтар сұранысқа ие болмақ. «Урбаинст-экологтарға» да сұраныс артып келеді. Бұрын тек архитекторлар жұмыс істесе, қазір экологияны бірге алып жүретін гибрид мамандық пайда болды. «Жоба менеджері», «жасанды интелект және машиналық оқыту саласындағы маман» деген сияқты жаңа-жаңа бағыттар дамиды», – деді ол.

Сарапшының айтуынша, бұл мамандықтарға 2025 жылдан кейін мектеп бітіретін оқушылар бағдарлануы керек.

«Әрине, қазіргі түлектерге алдағы 5-10 жылда қандай мамандықтар трендте болатынын жеткізуіміз керек. Сондай-ақ қазір 1 сыныпқа келіп жатқан балаларды да ұмытпауымыз қажет. Оларға кәсіби бағдар бойынша бөлек пән, пән кабинеттері ашылып жатыр. Біз соларға 100-ден астам жойылып келе жатқан мамандықтардың тізімін де қалдырып жүрміз. Сол арқылы олар қай мамандықтың керекті болатынын, қай мамандықтың керексіз болып қалатынын біліп отырады. Оның бәрін ойымыздан шығарып жатқан жоқпыз. Нақты ғылыми деректерге бағынып, қорытынды шығардық», – деді Мұхтар Манкеев.

Фото: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...