Понедельник, 9 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызмет296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін алу мүмкіндігінен айырылған фермерлердің құқықтарын қалпына келтірді.

Осы мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 сәуірден 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылды. Шаруа қожалықтары субсидия алу үшін Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына уақтылы жүгінді.

Тексеру барысында қызмет алушылардың өтінімдерді дұрыс ресімдемеуіне байланысты басқарманың оларға осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқаны анықталды. Бұл ретте осы өтінімдер мерзімдерді бұза отырып, яғни 2023 жылғы 1 желтоқсаннан кейін қаралған. Нәтижесінде фермерлер «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесінде субсидиялауға өтінімдерді қайта беру мүмкіндігінен айырылды. Мұндай фактілер 618 миллион теңгеден астам сомаға 296 өтінім бойынша орын алды.

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-бабына сәйкес әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен қабылданған заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен жасалған заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмейді. Басқа сөзбен айтқанда, көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді қарау мерзімдерін бұзуы кәсіпкерлер үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтырмауы тиіс» — деп Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Тексеру қорытындысы бойынша Департамент басқармаға көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың қазан айында фермерлік шаруашылықтарға ақпараттық жүйеде субсидиялауға өтінімдерді қайта беру мүмкіндігі берілді. Субсидия алушылардың тізімі фермерлерге хабарлау үшін Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына жіберілді.

Қазіргі уақытта көрсетілетін қызметті алушылар өтінімдерін қайта беріп, субсидиялар тағайындау бойынша рәсімдерден өтуде.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының ақпараты

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

2 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардыңқұқықтарынқорғаудыкүшейтугебағытталғантүзетулеренгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға...

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген...

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...