Жұма, Наурыз 29, 2024
1.3 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарАуа-райы42 градусқа дейін ыстық: Елорда мен 17 өңірде ескерту жарияланды

42 градусқа дейін ыстық: Елорда мен 17 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 маусымда Астана қаласында күндіз 36-38 градус ыстық және өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің орталық аумағында өрт тұтанудың жоғары қаупі бар.

7 маусымда күндіз Атырау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымда Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында 18 м/с екпінде жел соғады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық және өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымдаШығыс Қазақстан облысыныңӨскемен қаласында күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.

7 маусым күні Батыс Қазақстан облысындасолтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

7 маусымда таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 42 градус қатты ыстық болады. Өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде күндіз 40- 42 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымда Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.

7 маусымда күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с құрайтын жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымда Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды.

7 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстік бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. 15-20 м/с екпінмен жел соғып, 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

7-9 маусым аралығында Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болады. Өңірдің оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

7-9 маусым аралығында күндіз Алматы қаласында 35-37 градус қатты ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі.

7 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Өңірдің басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай ойнап, найзағай кезінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

8 маусымда күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі жоғары.

8-10 маусым аралығында күндіз Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өрт тұтану қаупі жоғары.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...