Понедельник, 28 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызмет70-тен астам мемлекеттік қызметші донор күні аясында қан тапсырды

70-тен астам мемлекеттік қызметші донор күні аясында қан тапсырды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Дүниежүзілік қан доноры шеңберіндегі волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау шеңберінде қан тапсыру бойынша акция өткізілді.

Ерікті акцияға жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 70-тен астам мемлекеттік қызметшісі қатысты.

Акцияның мәні тек қан тапсыру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында донорлықтың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру болды. Қатысушылар қан тапсыру арқылы денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, адам өмірін сақтап  қалуға жәрдемдесуге ұмтылып, асыл бастамаға терең берлігендіктерін білдірді.

Бұл акция Қоғамдық денсаулық пен әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға бағытталған мемлекеттік органдар мен қоғамдық бастамалар арасындағы табысты өзара іс-қимылдың үлгісі болды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...