Бүгін елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтеді.
Бұл мерекенің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл әлем елдерін 8 наурызды әйелдердің құқықтары үшін күрес күні — Халықаралық әйелдер күні деп жариялауға шақырған қарары қабылданғанға дейінгі кезеңді қамтиды.
20-шы ғасырда көктем, махаббат және сұлулық мерекесі бірте-бірте 8 наурыз мейрамына айналып, бүгінде отбасында, еңбек ұжымдарында кеңінен аталып өтіле бастады.