Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарЭкономикаДепозиттер бойынша қарашадағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Депозиттер бойынша қарашадағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2021 жылдың қараша айына теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Бұл туралы ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қысқа мерзімді салымдар бойынша мөлшерлеме ұлғайды. 3 және 6 айлық мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлеме 0,2 пайыздық тармаққа ұлғайды. Бұған инфляцияның өсуіне байланысты банктердің нарықтық мөлшерлемелерінің де өскендігі және депозиттердің бұл түріне деген сұраныстың артқандығы себеп болып отыр.

Бұл енді қысқа мерзімді (3 және 6 айлық мерзімді және жинақ) депозиттердің жинақтық тартымдылығын және олардың мерзімсіз салымдар алдындағы артықшылығын нығайта түспек. 12 айға арналған жинақ салымдардың толықтыруға болатын түрі бойынша мөлшерлеме 12,6%-ға дейін, ал толықтыруға болмайтын түрі бойынша 13,8%-ға дейін төмендеді.

Бұл ретте 12 айлық жинақ салымдардың толықтыру құқығы жоқ түрі — ең табысты салым болып қалуда. Қор нарықтық мөлшерлемелер мониторингін негізге ала отырып, мерзімсіз, 12 және 24 айлық мерзімді салымдар, сондай-ақ 24 айлық жинақ салымдар бойынша мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...