Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарЭкономикаҚазақстанда 3 мың мегаваттық жаңа электр стансалары салынады

Қазақстанда 3 мың мегаваттық жаңа электр стансалары салынады

Елімізде алдағы 5 жылдың ішінде жаңа электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде алдағы 5 жыл ішінде 3 мың мегаватт генерациясы бар жаңа стансалар салуды жоспарлап отырмыз. Бұл — үлкен көлемді жоба және ол энергетика саласындағы ықтимал тәуекелдерді жоюға мүмкіндік береді. Мен тек 3 мың мегаватт газ генерациясы туралы айтып отырмын. Газ энергетикасынан бөлек, қуатты ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) желісін іске қосу жоспарланған. Жалпы 2025 жылға қарай елдің энергия теңгеріміндегі ЖЭК көлемі 3%-дан 6%-ға жетеді деп болжам жасалып отыр. Ал 2030 жылға қарай кемінде 15%-ға жетпек», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар министр елімізде электр энергиясын өндіру мен тұтыну көлемінің артқанын айтты.

«Бір жылдың ішінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну 7% -ға өскені байқалады. Бұл — өте үлкен көрсеткіш. Осы орайда қазір біз бірқатар шешімдер қабылдауымыз керек. Біріншіден, ұлттық операторлар, айтар болсақ KEGOC-қа отын энергетикасы тапшылығы туындаған сәтте оны қолдануды азайту немесе шектеу құқығы берілуі тиіс. Екіншіден, елімізде майнинг нарығын дамыту керек, бұл — уақыт талабы», — дейді ол.

Бұған дейін министр елдегі солярка тапшылығына қатысты түсініктеме берді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...