Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыҚазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 6 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде обылыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайтын жел соғады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...