Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыМәжіліс сыртқы жарнамаларды қазақ тілінде жазуға қатысты заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс сыртқы жарнамаларды қазақ тілінде жазуға қатысты заң жобасын мақұлдады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы 2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы, басқа да реквизисттер мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы және мәтіндердің түпнұсқалы аудармасы бойынша қосымша талаптарды белгілеу. Сайлаушылар жиі көтеретін тақырыптардың бірі — осы көрнекі ақпараттағы қазақ тіліндегі жазылатын мәтіннің сауатсыздығы, кейбір жағдайда тіпті қазақ тілінде мәтіннің болмауы. Осыған байланысты нақты талаптар енгізілді», — деді Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар:

— әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да географиялық объектілердің дәстүрлі тарихи қалыптасқан қазақ атауларын мемлекеттік тілде жазуға;

— мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларын мемлекеттік тілде, қажет болған кезде ғана орыс және (немесе) басқа да тілдерде жазуға;

— жол белгілеріндегі жазбаны мемлекеттік тілде жазуға;

— хабарландыруларды, жарнаманы, прейскуранттарды, баға көрсеткіштерін, ас мәзірін, нұсқағыштар мен басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс немесе басқа да тілдерде орналастыруға бағытталған түзетулер енгізді.

«Бұл түзетулер қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жиі көтеріліп жүрген қазақ тілінің мәртебесі мәселелерін шешуге бір қадам жақындатады. Осы ұсыныстар әрбір азаматтың, әсіресе, кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді деп санаймыз», — деді депутат.

Бұдан басқа, дін саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін нормалар енгізілді.

«Діни қызметті регламенттейтін ұсыныстардың енгізілуіне байланысты заң жобасының тақырыбын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгерту бойынша түзету енгізілді. Жұмыс тобының 13 отырысы және Комитеттің кеңейтілген екі отырысы өткізілді. Салыстырмалы кесте қабылданған 54 позициядан тұрады. Депутаттардың ұсыныстарын қарау қорытындысы бойынша заң жобасында Қазақстан Республикасының 1 кодексіне және 16 заңына түзетулер енгізу көзделген», — деді Берік Әбдіғалиұлы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...