Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстан атынан Junior Eurovision байқауына қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды

Қазақстан атынан Junior Eurovision байқауына қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды

Junior Eurovision 2021 халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының мүшелері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасатын ең мықты 30 қатысушыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келесі кезеңге өткен қатысушылардың тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды. Ұлттық іріктеудің финалистері онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру 8 қазан күні сағат 00:00-де басталып, 12 қазанға дейін жалғасады. Бұл кезеңде қазақстандықтар jevision.khabar.kz сайтында өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады.

Ұлттық іріктеудің финалында жас таланттар өз әндерін орындайды. Бұл кезеңде еліміздің композиторлары қатысушыларға арнайы ән жазады. Әділқазы алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады.

Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін Junior Eurovision Song Contest Халықаралық ән байқауына Қазақстанның атынан қатысады. Қазақстан аймағында Junior Eurovision Song Contest байқауының финалы «Хабар» арнасының эфирінде трансляцияланады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 819 өтінім келіп түсті. 19-шы халықаралық балалар байқауында Junior Eurovision Song Contest 19 ел: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина кездеседі.

Аталмыш байқауға Қазақстанның осымен төртінші мәрте қатысуы — «Хабар» агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл жобаны өткізуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...