Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыҮкімет басшысы әлеуметтік тауарлар бағасының өсуін ауыздықтауды тапсырды

Үкімет басшысы әлеуметтік тауарлар бағасының өсуін ауыздықтауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдерге әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының өсуін тежеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканың 6 негізгі көрсеткіші бойынша өсім жеті өңірде байқалады. Бұл — Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. 5 көрсеткіш бойынша оң динамика төрт өңірде — Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласында байқалды», — деген Үкімет басшысы, ең төмен көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында екенін атап өтті.

«Елде инфляция өсіп жатыр, тамызда ол 8,7 пайыз болса, қыркүйекте 8,9 пайыз болды. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы ең көп әсер етті. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының қымбаттауы 0,2 пайызды құрады. Бағалар Нұр-Сұлтанда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында елеулі артты. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер экономика секторларында өсу қарқынын ұлғайту, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын өсуін тежеу бойынша жұмысты күшейтуі қажет. Сонымен қатар, бюджет қаражатының уақытылы игерілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Асқар Мамин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...