Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамСыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 41 ақмолалық 6 млн теңгеден астам сомаға...

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 41 ақмолалық 6 млн теңгеден астам сомаға көтермеленді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу институтының әрекет ету кезеңінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам 41 адам көтермеленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин онлайн-брифинг барысында айтып берді.

Спикердің ақпараты бойынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған өңірдің 6 адамы 800 мыңнан астам теңге алды. Талдау көрсеткендей, негізінен азаматтар парақорлық фактілері туралы хабарлайды.

Мысалы, ауырлығы орташа қылмыстар санатына жататын пара алу фактісі туралы хабарлаған облыс тұрғыны 145 850 теңге сомасында көтермеленді.

Айта кетейік, өткен жылдан бастап сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама жасаған азаматтарға берілетін сыйақының сараланған жүйесі жұмыс істейді, оған сәйкес азаматтар ең жоғары соманы — 11 млн.теңгеден астам соманы ала алады.

Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК – тен (2 917 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10%-ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (11 млн 112 мың теңге).

Көтермелеу әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы, айыптау үкімі не қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша қысқарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады. Егер азамат ақшалай сыйақыдан бас тартса, онда ол грамотамен немесе алғыспен көтермеленуі мүмкін.

«Ақпарат берушілерді көтермелеудің сараланған жүйесі, ең алдымен, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді тартуға бағытталған. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтар ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Сондықтан, әрқайсыңызды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне немесе 1424 Call-орталығына хабарлауға шақырамыз», — деп қорытындылады Айдос Жақиялин.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...