Сенбі, Сәуір 27, 2024
14.8 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҮй алатындар 16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын депозитке сала алады

Үй алатындар 16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын депозитке сала алады

Бір аптада 170 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау үшін банкке өтініш берген. Бұл жайында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет – расында бұл шындық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұлғайтпауды тапсырды. Бірінші кезекте бұл 200 мыңға жуық салымшыға өздерінің біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өз құқықтарын іске асыруға мүмкіндік берді. Сіздерге 2 желтоқсаннан кейінгі www.enpf-otbasy.kz платформасында қабылданған өтініштердің статистикасын көрсетейін. Ол датаға дейін біз штаттық режимде жұмыс жасадық және күн сайын 2 мыңнан 2,5 мыңға дейін өтініш қабылдадық» деп жазды банк басшысы Facebook парақшасында.

Өтініштерді қабылдау статистикасы: 3 желтоқсан-21 500 4 желтоқсан-15 095 5 желтоқсан-7 789 6 желтоқсан-38 478 7 желтоқсан-34 417 8 желтоқсан-31 441 9 желтоқсан сағат 18:30 – 20 699 өтініш және кешке дейін тағы қабылданады. Осылайша, еңбекке қабілетті 170 мыңға жуық қазақстандық дәл осылайша бір аптаның ішінде өтініш берген.

«Егер елдегі отбасылықтың орташа коэффициент 3,8 болса, онда 640 мың отбасы мүшесі өздерін кетіп бара жатқан пойыздың соңғы вагонына секіріп мінуге тырысқандай сезінді. Ал енді сіздер тыныш әрі қолайлы режимде, ақылға салынған шешімдер қабылдай алатын мүмкіндікке ие болдыңыздар. Өтініш берушінің қаражатты мақсатты пайдалануын растауға арналған 45 жұмыс күні бар. Егер ақша бүгін түссе, желтоқсандағы мерекелерді ескере отырып, 20 ақпанға дейінгі уақыт бар деген сөз. Бұл жаңалық бүгінде көптеген отбасыларға қуаныш сыйлады. Ал жағымды жаңалықтар қатарындағы екінші жаңалық – біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер қабылдау процесі жылдамдатылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұйрықты мерзімінен бұрын жариялауды жоспарлап отыр. Біздің клиенттер үшін ережеге енгізілген бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз өз клиентімізді жақсы көреміз және оларды қашан да қолдауға дайынбыз. Біз БЗТ қаражаты есебінен депозитті толтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында іске қосуға және төрт демалыс күні бойы арнайы ағымдағы шоттар мен депозиттерді ашуға дайынбыз, бірақ осы күнге оларды бәрі ашып үлгерген сияқты. Біз жерлестеріміз мерекелік дастархан басында ноутбукты ашып немесе үй компьютерінен жүктеп алып, өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы банктегі депозиттеріне аудара алатындай техникалық қолдауды қамтамасыз етуге дайынбыз. Тек бір өтініш, барлығын www.enpf-otbasy.kz платформасында онлайн режимде жасасаңыздар» дейді Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, ақпараттық қауіпсіздік мақсатында платформа тек қазақстандық IP мекенжайларынан ғана қолжетімді және планшеттік немесе стационарлық компьютерлермен жұмыс істеуге есептелген.

«Егер сіз біреудің платформаға кіре алмағандығы туралы ашулы постын көрсеңіз, бұл автордың VPN арналары арқылы түсініксіз сайттарға кіріп, соның кесірінен енді платформаға кіре алмай отырғандығының белгісі екенін түсініңіздер. Өтінімдерді тез қарау үшін филиалдардың қызметкерлерін қашықтан қосуды бастаймыз. Фотосуретте зейнетақы қаражаттарының мәселесіне мүлде мән бермейтін бір солтүстік өңірдегі филиал бейнеленген. Тағы да бір өтініш, банк бөлімшелеріне бармауларыңызды сұраймыз, себебі бейне қоңырау, мобильді қосымша, онлайн-сервис деген дүниелер бар. Әрине, осы жерде де барлық сұрақтарыңызды қойып, жауаптарын ала аласыздар», деп түйіндеді сөзін «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...