Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
8.2 C
Kokshetau
9 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыМемлекет басшысы ел байлығының жартысын уысында ұстап отырған 162 адам туралы: Бұлай...

Мемлекет басшысы ел байлығының жартысын уысында ұстап отырған 162 адам туралы: Бұлай кете беруге болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысындағы теңсіздік туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы ұлттық табыс құрылымында бизнестің табысы ең жоғары үлесті алған – 61,5%. Салықтардың үлесі небәрі 7,3%, ал қазақстандықтардың жалақысының үлесі үштен бірге де жетпейді – 31 пайыздан аз. Бұл өте аз. Мысалы, Ресейдің экономикалық құрылымы бізге ұқсас болғанымен, еңбекке ақы ның ұлттық табыстағы үлесі 46,7% болып отыр. Яғни біздікінен 1,5 есе көп. Ұлттық табысты әділ бөлудің айқын теңгерімсіздігі мен көрінеу проблемасы бар. Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда KPMG, Қазақстан әл-ауқатының жартысына бар-жоғы 162 адам иелік етіп отырғанын мәлімдеді. Ал халықтың жартысының ай сайынғы табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылдық табысы 1300 доллардан әрең асады деген сөз. Мұндай ақшаға, әрине, өмір сүру мүмкін емес», – деді Президент Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуде.

Сондай-ақ елде экономикалық өсім бар болғанымен оның игілігін шектеулі элиталық топтар көріп отырғанын, халықтың басым бөлігнің табысы азаюы мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіредтінін ескертті.

«Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік тұрғыда, одан кейін саяси бөлінуіне әкелуі мүмкін. Ондай жікшілдіктің алғашқы белгілері су бетіне шығып та үлгерді. Әрине, бұлай кете беруге болмайды. Тәуелсіздік алып, бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасалғаннан кейін кәсіпкерлер табын қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басты бағыты болды. Салықтық жеңілдіктер, преференциялар, қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ұсынылды. Экономикалық модель бизнеске дамуға мүмкіндік берсе, жұмыс орындары мен халықтың табысы соның есебінен артады деген сенім болды. Бұл көп жағдайда жұмыс істеді, бірақ күткен нәтижені толық көлемде ала алмадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...