Сенбі, Сәуір 27, 2024
14.8 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды«Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Ең басты мамандық – ол ұстаз. Өйткені ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелейді, білім береді», – деп мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында құттықтау сөзін бастаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Биыл байқауға еліміз бойынша 143 мұғалім қатысты. Жеңіп шыққан 64 ұстаздың әрқайсысына «Үздік педагог» төсбелгісі мен 2 788 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақы табысталды.

Салтанатты іс-шарада Министр Асхат Аймағамбетов қазіргі жағдайда аянбай еңбек етіп жүрген барша мұғалімдерге алғысын білдірді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан білім беру саласына үлкен көңіл бөлініп жатқанын да тілге тиек етті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен білім саласын дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына ерекше назар аударып, жуырдағы Жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. «Ұстаз мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын білесіздер. Заң шеңберінде 70-тен аса түрлі бұйрық, қаулы бекітіліп, іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті. Алдағы жылы тағы 25 пайызға көтеріледі. Президент осындай тапсырма берді және оны біз орындап жатырмыз. Бүгінгі таңда ұстаздарымыз үшін тиісті жағдай жасауды жалғастыруымыз керек», – деді министр.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан болашақ ұстаздардың шәкіртақысы да айтарлықтай көтерілгеніне назар аударды. 1 қыркүйектен бастап олардың стипендиясы 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсті. Айта кетейік, биыл мұғалім болу үшін оқуға түскен азаматтарға қойылатын талаптар да күшейтілді: шектік балл 50-ден 70-ке дейін көтерілді.

«Үздік педагог» атанған жеңімпаз мұғалімдердің бірі, Атырау облыстық «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі, Арнұр Қазыбеков те шара барысында әріптестеріне жылы лебізін арнап, мұғалім мамандығын жүрек қалауымен таңдау қажет екенін атап өтті.

 «Осыдан 10 жыл бұрын мен мектеп қабырғасында жүрген оқушы едім. Физиканы тереңдетіп оқып, түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Күрделі есептерді бір-бірімізге, төменгі сынып оқушыларына түсіндіретін едік. Міне, сол кезден-ақ мен сабақ беру, мұғалім болу өзімнің өмірлік жолым екенін түсіндім. Жастарды ғылымға, білім алуға баулу қазіргі заманда өте өзекті мәселе деп ойлаймын. Мемлекет басшысы бірыңғай оқу платформасын дайындауды тапсырып еді. Бұл тапсырма еліміздің инновациялық педагогтерінің ұйымдастыруымын жүзеге асады деп сенемін. Мен әрдайым жанымнан табылатын отбасыма, ақылын аямайтын әріптестеріме алғыс білдіремін. Педагог мәртебесі – ұстаздардың өз қолында. Мен мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, мұғалім боламын деген кезде барлығы бұл шешіміметаң болды. Бірақ атам «Балам, қандай мамандық иесі болғың келсен, соны таңда. Өйткені өмір бойы сол мамандықтың артынан жүресін» деп айтқан болатын», – деді ұстаз.    

Айта кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 АЕК мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы. Ал сол Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес әкімдіктер біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау және ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілей алады.

Яғни бүгін еліміз бойынша мұғалімдер жергілікті әкімдіктер тарапынан қосымша сыйақылар, сыйлықтар алып жатыр. Әкімдіктер тарапынан көрсетілген қолдау жайлы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарын таба аласыздар.

Фото: https://drive.google.com/drive/u/1/folders/1ljjHrETvPq2OABlisXZS2eOTY07ofYmh 

БҒМ баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...