Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҰлттық банк «теңге – АҚШ доллары» сауда-саттығының регламентін өзгертті

Ұлттық банк «теңге – АҚШ доллары» сауда-саттығының регламентін өзгертті

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, 9 наурызда «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Оған сәйкес, «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

«Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды. «Теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады», – делінген ҰБ ақпаратында.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...