Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыКәрім Мәсімов қанша жылға сотталуы мүмкін - Бас прокурор жауабы

Кәрім Мәсімов қанша жылға сотталуы мүмкін — Бас прокурор жауабы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева еліміздің Бас прокурорынан «Әлеуметтік желілерде депутаттарға халықтан көптеген сұрақ келіп жатыр. Соңғы күндердегі ең өзекті сұрақтардың бірі — «Егер Кәрім Мәсімовтің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқа қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, олар қандай жазаға таратылуы мүмкін?» Соған байланысты қылмыстық іс қай кезеңге келді?», — деп сұрады.

Осы орайда Бас прокурор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

«Оның ішінде мемлекеттік опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу үшін билікті асыра пайдалану және пара алу бойынша қылмыстық істер тергелуде. Бұрынғы төраға мен оның орынбасарлары қамауда. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық бағаны сот береді. Бірақ, алдын ала айтар болсақ, аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекспен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қазір тергеу әлі жүргізіліп жатыр», — деді Берік Асылов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...