Пятница, 27 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыКоронавирус: «Pfizer»-мен егілуге жататын тұлғалар контингенті кеңейтілді

Коронавирус: «Pfizer»-мен егілуге жататын тұлғалар контингенті кеңейтілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда «Pfizer» препаратымен вакциналауға жататын азаматтар санаты кеңейтілді. Мұндай шешім бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия шешімімен «Pfizer» препаратымен вакциналауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтілді, ол мынадай санаттармен толықтырылады: — бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар; — түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар; — шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар; — COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.

Отырыс соңында Е. Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақытылы иммундау және ревакциналау екенін атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Комиссия сондай-ақ жабық мекемеде маска тағып жүруді міндеттейтін талаптың күшін жойды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...