Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы 550 мың теңгеден асады – министр

2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы 550 мың теңгеден асады – министр

2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 550 мың теңгеден асады және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студентерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар кездесуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры, доктор Ханс Хенри Клюге қатысты.

«Денсаулық сақтау жүйелеріміздің болашағы: алғашқы медициналық-санитариялық көмектің беделі, мотивациясы, құзыреттері» атты кездесуге ДДСҰ Еуропалық бюросының аймақтық директоры Ханс Хенри П. Клюге (Hans Henri P. Kluge), Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинваль (Carolyn Clarinval), ДДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб, Өзбекстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Амрилло Иноятов қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінгі таңда 8 жоғары оқу орны республиканың білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген 60-тан астам медициналық мамандық бойынша білім береді.

«Жыл өткен сайын мамандықтың беделі артып, медицинаға қызығушылық танытатын жастар көбейіп келеді. Медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын 9 мыңнан астам маман бітіреді. 2021 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі грант құнын өсірді, бұл медициналық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын, жүйелі түрде арттыруға көбірек көңіл бөлінуде. 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 550 мың теңгеден асады және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады»,- деді министр.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...