Жексенбі, Мамыр 12, 2024
8.1 C
Kokshetau
6 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында мемлекеттік орган оқу кабинетін көтеріңкі бағамен сатып алуды алмақ болған

Ақмола облысында мемлекеттік орган оқу кабинетін көтеріңкі бағамен сатып алуды алмақ болған

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды және ұрлауды болдырмау шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жүйелі негізде «Сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталы (eoz.kz) арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізеді.

Бұл сервис мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдардың сатып алуларының ашықтығы мен айқындығын арттырып қана қоймай, сатып алуды жоспарлау сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимінде анықтауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың қатарына бағаны көтерудің жүйелілігі жатады, бұл тапсырыс берушінің бюджетін жасанды ұлғайтуды және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауды білдіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымның сатып алуға жоспарланған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағасын (орташа нарықтық құнмен салыстырғанда) көтеру фактісін анықтаған кезде мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жедел түрде тиісті ден қою хаттары жіберіледі. Өз кезегінде, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу жоспарларын қайта қарайды және түзетеді, не сатып алудың күшін жояды.

Жалпы, Департаменттің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млрд теңгеден астам, ал ағымдағы жылдың басынан бері 420 млн теңгеден астам қаражат үнемделді.

Мысалы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бастапқыда 67,4 млн теңге немесе шаршы метріне 22,3 мың теңге сомасына керамогранит плиткасын сатып алуды жоспарлаған, ал бір плитканың орташа нарықтық бағасы –  шаршы метріне 2500 – 10000 теңге шегінде өзгереді. Департаменттің араласуынан кейін 38,5 млн теңге үнемделді.

Сондай-ақ, Зеренді ауданының білім беру бөлімімен жалпы сомасы 267,8 млн теңгеге немесе бірлігі үшін 26,7 млн теңгеге 10 оқу кабинетін сатып алу жоспарланған. Осыған ұқсас тауарларды Көкшетау қаласының білім беру мекемелері орта есеппен 5-тен 10 млн теңгеге дейін сатып алады. Департаменттің ұсынымдарын енгізгеннен кейін үнемдеу 241 млн теңгені құрады.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ақмолалықтарды бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау шеңберінде белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады, өйткені мемлекеттік сатып алу ел экономикасының тұрақты дамуын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасына басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Джанет Қанатұлы, 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев...

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...