Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстанның басым аумағында құбылмалы күн райы сақталады

Қазақстанның басым аумағында құбылмалы күн райы сақталады

Қазақстанның басым аумағында құбылмалы күн райы сақталып, найзағай, жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – дауыл, бұршақ, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында – шаңды дауыл, солтүстікте – тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Желдің күші 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл, батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жел 15 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман болады.

Павлодар облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Өңірдің солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күшпен жел тұрады.

Күндіз Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с артады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...