Суббота, 18 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыБүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнді мереке ретінде атап өту 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған дейтін дерек бар. Бір ғасырға жуық тарихы бар мерекені тәуелсіз Қазақстан да жыл сайын атап өтеді.

Жалпы Қазақстан балалардың құқығын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған. Биыл қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауды ұсынды.

«Балалар — мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,- деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыдан кейін ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланып, ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар «Білімді бала», «Отбасы — қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «BALA QORǴAÝ», «BALA_TIME.KZ» деп аталатын 7 бөлімнен және 50 тармақтан тұрады.

Алғашқы бөлім – «Білімді бала». Жобаның мақсаты – балалардың сапалы білім алуға және жеке тұлға ретінде дамытуға қатысты құқықтарын жүзеге асырып, оқу-тәрбие процесінде тәрбие компонентін күшейту.

Ал екінші «Отбасы – қауіпсіз мекен» бөлімі баланың берекелі отбасында білім алу құқықтарын жүзеге асыру мен отбасындағы адамгершілік және рухани құндылықтарды насихаттауды қамтиды.

Үшінші бөлім – «Дені сау бала» жобасы. Оның мақсаты – балалардың, мүгедек балалардың құқықтарын жүзеге асыру, балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайту және қорғау.

Төртінші «Жетімсіз ел» бөлімі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын іске асыру бойынша іс-шаралар қолға алынады.

Бесінші бөлім «Жайлы мекен» бөлімі балаларға арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Келесі «Бала қорғау» бөлімі балалардың қауіпсіз даму жағдайларында құқығын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдарында суицид тақырыбын жариялау мәселесі бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Сонымен қоса мектептерде 24/7 режимінде «Balaqorgau» дербес QR-коды енгізіледі. Соңғы 7-бөлімінде «BALA_TIME.KZ» жобасы бойынша балалар мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оның аясында балалар жылына арналған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етудің медиа-жоспарын әзірлеу, балаларға арналған арнайы медиа өнімдерді шығару және тарату: телешоулар, сериалдар, деректі фильмдер, GIF-тер, әлеуметтік желілердегі имидждік өнімдер, «Балапан» телеарнасында мультимедиялық және танымдық контентті көрсету және «Дана бала» www.danabala.kz балалар әдебиеті сайтының мазмұнын қазақстандық авторлардың кітаптарымен толықтырылады.

2021 жылдың маусым айындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда 6,1 млн бала бар. Оның жартысынан көбі, яғни 3,1 миллионы – ұл бала, ал 3 млн – қыз бала. 3,4 млн бала мектепте оқыса, 914 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...