Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыЖалған дипломмен мемқызметке орналаспақшы болған әйелге айыппұл салынды

Жалған дипломмен мемқызметке орналаспақшы болған әйелге айыппұл салынды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 жастағы әйел өткен жылдың 4-ші желтоқсанында Қызылсай селолық округінің әкімі аппаратына бухгалтер-бас маманы ретінде мемлекетке қызметке орналасу үшін Жақсы аудандық әкімдігінің құжаттамалар бөліміне «Банк ісі маманы» мамандығы бойынша жалған диплом ұсынған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша айыпталуышының дипломы жалғаны екені дәлеленді. ҚР ҚК 385 бабының 3 бөлігі бойынша қозғалған іс материалдары сотқа жолданды.

«Жақсы аудандық соты айыпталуышыны ҚР ҚК 385 бабының 3 бөлігі бойынша кінәлі деп танып,  25  айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 63 125 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, одан зардап шеккен жаққа өтемақы қорына, яғни мемлекет кірісіне 5  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 12625 теңге өндіріліп алынатын болды», — делінген соттың мәліметінде.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...