Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыЕрмек Маржықпаев Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры, ТМД...

Ермек Маржықпаев Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры, ТМД Консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті

Бүгін, әкімдікте өңір басшысының Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры, ТМД Консультативтік кеңесінің төрағасы Ахмадзода Атомен кездесуі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және экономиканың басқа да салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ақмола өңірінде айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап өтті.

«Ақмола облысы еліміздегі негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі болып табылады, қысқаша айтар болсам, 15 млн.га жердің 5 млн.га жыртынды жерлер және шамамен 4 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатады. Жыл сайын 4 млн.тоннадан 7 млн.тоннаға дейін астық жинаймыз. Түрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастық үшін барлық мүмкіншіліктер бар, оларды біз егжей-тегжейлі талқылауға және дамытуға дайынбыз», – деп атап өтті Е. Маржықпаев.

Оның айтуы бойынша өңір ақмолалықтар үшін көкніс пен жеміс-жидек жеткізу үшін бірлескен жобаларды бастауға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өнімін экспорттауға дайын.

«Бүгін, ел көлемінде құс етінің әрбір үшінші килограмы, өңделген сүттің әрбір 6 литрі, әр 6-шы жұмыртқа, ұн мен сары майдың басым бөлігі біздің облысымызда өндіріледі. Жақсы және Жарқайың аудандарында жарма өндірісі бойынша зауыттар аштық», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Ахмадзода Ато, тәжік тарапының барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа қызығушылығын атап өтті.

«Мен өзім Қазақстанға 2002 жылдан бері келіп жүрмін. Біз үшін бұл кездесу өте маңызды. Сауда қатынастарын орнату және нығайту мақсатында, «Тәжікстан – Қазақстан» бірлескен сауда үйін ашуды ұсынамын», – деді ТМД консультативтік кеңесінің төрағасы.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп және туризм салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін де талқылады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...