Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың (психологиялық, сексуалдық және өзге де) алдын алу мақсатында, облыстық полицейлерімен отбасылардағы балалар зорлық-зомбылығын анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жандандырылды.
Мәселен, Аршалы ауданының полиция бөлімінің полицейлері Аршалы кентінің тұрғыны өз қызына дене жарақатын келтіргенін анықтады.
46 жастағы ер адам өзінің «Kaspi Gold» банк картасын пайдаланған 14 жастағы қызын көсеумен ұрған, салдарынан жасөспірімнің сол қолының иық буыны сынған.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, процестік мәжбүрлеу шарасы: «шақырғанда келу туралы міндеттеме» таңдалды. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы «қорғау ұйғарымын бұзу» бойынша әкімшілік іс жүргізуде.
Айталық, жыл басынан бері полицейлер тұрмысы нашар 799 ата-ананы есепке қойған. ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша өз баласын тәрбиелеу немесе оған білім беру жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамайтын 292 заңды өкіл әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 6 заңды өкілге қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 68 ата-ана, ата-ана құқықтарынан айырылған, 15- ата-ана құқықтарынан шектелген.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.