Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыӘскердегі өлім-жітімнің алдын алуға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр

Әскердегі өлім-жітімнің алдын алуға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімді болдырмау мен тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіруге бағытталған «Өмірді сақта» атты ведомствоаралық бағдарлама дайындауды қолға алды. Бұл туралы аталған ведомствоның ҚазАқпарат тілшісі сауалына берілген жауапта айтылған.

«Әскердегі өлім-жітімді азайту мақсатында күнделікті нұсқаулықтар, қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар, тәрбиелік және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар сарбаздар арасында жеке және жасырын сауалнамалар жүргізіледі. Одан бөлек құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құраммен жұмыс істеудің заман талабына сай әдістері қолданылады. Оның ішінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясы мен кейс-стади әдісі бар. Ол жерде қателер мен олқылықтар бойынша нақты мысалдар келтіріліп, қаралады», — деген жауап келді министрліктен.

Сонымен қатар министрліктің мәліметінше әскери бөлімдерде ашық есік күні, сұрақ-жауап кеші, прокурор сағаты және көшпелі сот шарасы ұйымдастырылады.

«Жас сарбаздарға әскери тәрбие беруде қоғамдық ұйымдар және институттармен бірлесіп атқарған жұмыстың маңызы ерекше. Сарбаздардың ата-аналары, бөлімше командирлері мен тәрбие құрылымы офицерлерінің қатысуымен арнайы чаттар жұмыс істейді. Сол сияқты әскери міндетін өтеушілердің апта сайын ата-аналарымен телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігі бар», — дейді ведомстводан.

Одан бөлек, Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімді болдырмау мен тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіруге бағытталған «Өмірді сақта» атты ведомствоаралық бағдарлама дайындау бойынша жұмыстың басталғанын хабарлап отыр.

«Аталған бағдарлама ұзақмерзімді перспективаны көздейді. Бағдарлама әскери ортада өлім-жітімнің алдын алудың мақсаттары мен міндеттері, ережелері мен негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат. Бұл құжат әскери қызметтің ерекшелігі мен жай-күйін ескере отырып, оған сәйкес келетін ведомстволық іс-шаралар жоспарын әзірлеуге негіз болады», — делінген хабарламада.

Ресми сауал жауабында айтылғандай сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Пирамида», «Жауынгерлік дос» және «Напарник» бағдарламасы қолданылады. Сондай-ақ, казармаларда бейнебақылау камералары мен сенім телефоны жұмыс істеп тұр.

«Күн сайын әскери полицейлер және бөлімнің медицина қызметкерлерінің қатысуымен сарбаздарды қарап-тексеру жүргізіледі», — деп толықтырды министрліктен.

Бұған дейін Қазақстан әскерінде әлімжеттік мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы хабарлаған едік. Сонымен қатар жас сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты соңғы мәліметтер белгілі болды. Одан бөлек, Қорғаныс министрлігі әскерде сарбаздың суицидке баруына мүмкін себептерді атап берді.

Фото: gov.kz

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...