Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды«Zhas Project» жеңімпаздары мемлекеттік грантқа айфон алып, кредитін жапқан

«Zhas Project» жеңімпаздары мемлекеттік грантқа айфон алып, кредитін жапқан

«Zhas Project» жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жоба жеңімпаздарына мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Zhas Project» жобасының былтырғы жеңімпаздарына ақша қолма қол берілді. Оның соңы не болды? Біреу айфон алды, беруі кредитін жапты. Шынымды айтсам, жобаның нақты қанша пайызға жүзеге асқанын білмеймін. Бірақ қаржыны өз мақсатына жұмсамау фактілері болды. Біз былтыр болған жайттарды ескере келе, биыл ақшаны қолға бермейміз деген шешімге келдік. Биылғы байқаудың ерекшелігі осы. Яғни жоба авторы сметалық құжатта не қажет екенін көрсетеді. Біз сол сметалық құжаттың негізінде ақшасын төлеп береміз», – деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЗТБ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары жоба грантының бөліп төленетінін айтып отыр.

«Грантты 70/30-ға бөліп төлейміз. Грантты ұтып алған кезде 70 пайызы беріледі. Ол сомаға жобаны жүзеге асыруға қажетті заттар мен құрал-жабдық сатып алынады. Қаржының қалған 30 пайызы жоба іске қосылып, жүзеге асқаннан кейін беріледі. Сол сияқты ол ақша сізге тауар, өнім жеткізушіге тікелей төленеді», – дейді «Қазақстан жастары конресі» қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Бұған дейін «Zhas Project» жобасының грантына өтінім қабылдаудың жүріп жатқаны туралы хабарлаған едік. Құжат қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Аталған жобаға Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және Маңғыстау облысының жастары қатыса алады. Айта кетейік, «Zhas Project» жобасы осымен 4-і жыл іске асып келеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...