Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарМаңызды«Aстана LRT» ісіне қатысты алдын ала тыңдау басталды

«Aстана LRT» ісіне қатысты алдын ала тыңдау басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Елордада ЛРТ құрлысына қатысты бөлінген қаражатты талан-таражға салу ісі бойынша Рашид Аманжолов пен басқа да тұлғаларға қатысты алдын ала тыңдау басталды. Оларға қатысты үкім бұған дейін күшін жойған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала тыңдау Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Еске салсақ, елордадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді. 2020 жылдың қаңтарында LRT құрылысына қатысты істі тергеу шаралары аяқталды. Сол жылы қазанда «Астана LRT» компаниясы бойынша іс сот қарауына жолданды.

Сондай-ақ, биыл 13 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі сотқа жолданғаны туралы хабарлады. Бірақ, аталған екі күдікті қазіргі уақытта қылмыстық қудалаудан бой тасалап жүр.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 11 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында елордадағы LRT құрылысы туралы пікір білдірді.

«Көпшілікті, әсіресе елорда тұрғындарын ашуландыратын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы болып отыр. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қазірдің өзінде орасан зор қаражат жұмсалды, қарыздар тартылды, шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісімшарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба бастапқыда-ақ үлкен қателік болды, оны мойындау керек. Сонымен қатар, бұл сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба», — деген еді Президент.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...