Суббота, 28 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерҚосшыҚосшы қаласында жаңа мектеп ашылды

Қосшы қаласында жаңа мектеп ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Балалар жылы» аясында және Білім күніне орай Қосшы қаласында тағы бір мектеп пайдалануға берілді. Бүгін Елорданың маңындағы қарқынды дамып келе жатқан қаланың Желтоқсан көшесінде жаңа ІТ мектеп-лицейі өз есігін айқара ашты.

Заманауи білім ордасы 1200 орынға арналған. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа IT мектеп-лицейі заман талабына сай бой көтерді. Балаларды сапалы білім, саналы тәрбиемен қамтуға барлық мүмкіндік жасалған. Жаңа модификациялы кабинеттерден бөлек 667 орынды акт залы, 384 орынды кең асханасы, 5 компьютер кабинеті, 6 лингафон кабинетімен жабдықталған.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына Ақмола облысы маслихатының хатшысы Талғат Жүнісов, облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов және Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов қатысып, оқушылар мен ұстаздарды қуаныштарымен құттықтады.

Айта кету керек, жаңа мектептің қолданысқа берілуі оқушы орындарының тапшылығын 77% — ға төмендетуге мүмкіндік берді. Биыл ІТ мектеп-лицейінде 2000-ға жуық оқушы екі тілде білім алатын болады. Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 287 оқушы қабылданған. Балаларға білім беретін 56 педагогтің 10 педагогі «Жастар практикасы» аясында 2021-2022 жылдары оқу аяқтаған жас мамандар.

Сонымен қатар, Қосшы қаласында жыл соңына дейін 1200 орындық тағы бір мектепті іске қосу жоспарланған. Бұл мектеп 4,6 мың бала оқитын «Лесная поляна» тұрғын алабында орналасқан негізгі мектепке жүктемені азайтады. Келесі жылы тағы 2 мектеп іске қосылады, олардың біреуі жеке инвестициялар есебінен салынуда.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...