Суббота, 28 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАршалыАқмола облысында алғашқы абоненттер магистральдық газ құбырына қосылды

Ақмола облысында алғашқы абоненттер магистральдық газ құбырына қосылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін Аршалы ауданында тұрғын үйлерді «Сарыарқа» магистралды газ құбырына қосу рәсімі өтті. Салтанатты шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен,

«Бүгін біздің облыс үшін тарихи сәт.  Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында облысқа газ жеткізілді. Елді мекендерге газ кезең-кезеңмен жіберілуде. Бірінші кезеңде біз 20 елді мекенді газға қосамыз. Осы ретте, бізбен тығыз жұмыс істеп отырған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ серіктестерімізге алғыс айтамыз. Екі жыл ішінде біз мың шақырымға жуық құбыр тартып, табиғи газ өткіздік. Бүгін біз Аршалы ауданының 5 елді мекенінің тұрғындарына газ жеткізіп отырмыз», — деп атап өтті облыс әкімі.

Түрген ауылындағы алғашқы абоненттердің бірі – Семенковтар отбасы.

«Біз көпбалалы отбасымыз, бес баланы тәрбиелеп өсірдік. Олардың екеуі қазірдің өзінде өз күндерін өздері көруде. Тағы екеуі университетте оқиды. Үйімізге алғашқылардың бірі болып газ тартылғанына қуанып отырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Ауыл тұрғындары газ тартылатын күнді асыға күтті», — дейді отағасы Валерий Семенков.

Айта кетейік, 2019 жылы 17 елді мекенде – Ақбұлақ, Ақтасты, Арнасай, Бабатай, Түрген, Донецк, Анар, Аршалы, Берсуат, Байдалы, Ижевск, Шөптікөл, Волгодоновка, 42 — Разъезд, Қойгелді, Жібек Жолы, Жалтыркөл және Аршалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосу үшін газ тарату желілерінің құрылысы он жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Пайдалануға берілген «Аршалы» автоматтандырылған газ тарату станциясының өткізу қуаты сағатына 15000 текше метрді құрайды. Барлығы 345,92 шақырым газ желілері салынды.

2023 жылы Аршалы ауданын газдандырудың соңғы кезеңі Жібек Жолы ауылында жүзеге асырылады.  Яғни, бес газ реттегіш блокты пункттерді орнату арқылы 229,054 шақырым газ тарату желілері іске қосылады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...