Пятница, 3 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттер клубтарының облыстық слеті өтті. Іс — шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, парасаттылық пен патриотизмді қалыптастыру.

Слетті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Ішкі саясат және Білім басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара іріктеу кезеңін, жартылай финалды және финалды қамтитын «Smart Mix» зияткерлік ойын («Своя игра» телевизиялық ойыны сияқты) форматында  өткізілді. Әр раундта қатысушыларға әртүрлі тақырыптар, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты мәселелер, сондай-ақ ұпайлардағы сұрақтардың құны ұсынылды. Қатысушы 14 команданың әрқайсысы тақырып және сұрақтың құнын таңдады, содан кейін жүргізуші тиісті сұрақты оқыды. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетті.

Ойын қорытындысы бойынша өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялиннің қатысуымен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Департамент басшысының бірінші орынбасары атап өткендей, білімді жастар мемлекеттің игілігі мен әлеуеті болып табылады, сондықтан оқу орындары адалдықтың, әділдіктің және сатылмаушылықтың үлгісі болуға тиіс. Бұл құндылықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасында көрсетілген.

«Бүгінде жас қазақстандықтардың алдында кәсіби өсу үшін зор перспективалар бар. Алайда, қазіргі жастардың жоғары моральдық негіздері, берік азаматтық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың тұрақты дағдылары болуы тиіс. Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу аясында жақсы үлгі болатынына сенімдімін», — деді Айдос Жақиялин

Сондай-ақ, іс-шарада «Әділдік жолы» РҚБ бен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалдарының басшылары Алмат Исмағулов және Игорь Плюснин сөз сөйлеп, жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында белсенді өзара іс-қимылға шақырды.

Слет соңында Щучинск қ. Жоғары педагогикалық колледж студенттерінің командасы жеңімпаз деп танылды. Екінші және үшінші орындарды Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі мен Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командалары иеленді. Облыстық «Саналы ұрпақ» слетінің барлық қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...