Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыМемлекет басшысы Air Astana президенті Питер Фостерді қабылдады

Мемлекет басшысы Air Astana президенті Питер Фостерді қабылдады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ компанияның 2023-2027 жылдарға арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
Air Astana компаниясы өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге  2025 жылы жеткізіледі.

Питер Фостер компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы баяндады.

Президент Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді.

Сондай-ақ кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...