Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарСайлау-2023«АМАNАТ» - әлеуметтік әділеттілік пен барлығына тең мүмкіндіктер партиясы!

«АМАNАТ» — әлеуметтік әділеттілік пен барлығына тең мүмкіндіктер партиясы!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучье қаласында «Shidai»  ЖШС ұжымымен «АМАNАТ» партиясының Сайлауалды бағдарламасын талқылау бойынша үгіт-насихат жиыны өтті.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша  кандидат  Қалел Рахматулин жиналғандарды алдағы сайлауға шақырып, «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Талқыланған тақырыптардың бірі – жастар мәселесін партиялықтар ерекше бақылауға алуға уәде берді.

«Жастар – елдің болашағы. Алайда, жастарында өзін-өзі табысты іске асыру және әлеуметтену үшін қажетті жағдайлар жоқ. Осылайша, жұмыссыз жастардың саны 4,9 мың адамды құрайды. Жастарды қолдау үшін «АМАNАТ» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанаты олардың жұмысқа орналасуына және баспана мәселесін шешуге өз үлесін қосады», — деп бөлісті үміткер.

2027 жылға қарай партия жыл сайынғы жұмыспен қамтуға жағдай жасау арқылы жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,2 пайыздан 2,9 пайызға дейін төмендету көзделген.

Сондай-ақ жастардың рухани-мәдени дамуына, бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған жағдайларды жақсарту бойынша кешенді шаралар қажет. Мәдениет нысандарын жөндеуге қаржы қарастырылады. Сондай-ақ, партия мәдениет және мұрағат саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге ұмтылып, өңірдегі киелі жерлерді абаттандыруға атсалыспақ.

Жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырған тақырып партия мүшелерінің спортты қолдауы болды. Мәселен, облыс бойынша азаматтарды дене шынықтыру және спортпен қамту 38,2 пайызды ғана құрайды. Жеткілікті спорт инфрақұрылымының болмауы адамдарды спортпен шұғылдану, денсаулығын нығайту және бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндігінен айырады.

Үміткерлердің айтуынша, партия халықты бұқаралық спортпен қамтуды арттыру мақсатында бірқатар шараларды көздеп отыр. Бұл – 9 спорт нысанының құрылысы, спорт нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, ең бастысы, балалардың спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге тегін бару мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ал ең алдымен – көп балалы және әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жасалған жақсы жағдай болмақ.

«Өмір сүру сапасы үшін адам өмір сүретін жағдайлар — жайлы тұрғын үй, қолжетімді және сапалы ауыз су, тұрақты жылу және энергиямен қамтамасыз ету, таза ауа, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі, қалдықтарды сапалы шығару, Интернетке және байланысқа қол жеткізу. «АМАNАТ» партиясы облысымыздың әрбір елді мекенінде лайықты өмір сүру үшін бар күш-жігерін салады», — деп толықтырды кандидат өзінің үгіт-насихат сөзінде.

Үміткер жиналғандарды дұрыс таңдау жасап, «АМАNАТ» партиясын  қолдауға шақырды, өйткені бұл партия қоғам мен мемлекет игілігі үшін жұмыс істейді деген пікірлерін білдірді.

«Біз барлығын елде болып жатқан процестерге сырттан бақылаушы болмауға шақырамыз. 19 наурызда өтетін сайлауға келіп, «АМАNАТ» партиясының кандидаттарына, ал бізбен бірге жаңа Қазақстан үшін дауыс беріңіздер!». – деп  жи налған қауымды  үміткер сайлауға қатысуға шақырды.

«АМАNАТ» партиясына дауыс бере отырып, сіз әлеуметтік әділеттілік пен барлығына тең мүмкіндіктер үшін дауыс бересіз!

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...