Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыСаяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтеді

Саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдында саяси партиялардың пікірсайысы күні белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Қабылданған шешім бойынша саяси партиялардың пікірсайысын өткізу 2023 жылғы 16 наурызға белгіленді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

«Теледебат өткізу бойынша қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы қаулы Мәжіліс сайлауына қатысатын сайлауалды штабтарының назарына жеткізілсін. Орталық сайлау аппараты «Хабар» агенттігімен сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы шарт жасассын», — деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгені туралы хабарлаған едік.

26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.

Сондай-ақ, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретін айтылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...