Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмолалық студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар түсіндірілді

Ақмолалық студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар түсіндірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов Құқық Онкүндігі аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне дәріс берді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, дәріс барысында департамент басшысы жастарға сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды аспектілері туралы баяндады.

Спикер атап өткендей, елімізде алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында заңнамалық шаралар қабылдануда. Соңғы бірнеше жылда заңнамалық реформалардың 3 пакеті қабылданған болатын. Олардың шеңберінде бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың отставкасы және дербес жауапкершілігі туралы нормалар енгізілді, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі белгіленді, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің тізбесі кеңейтілді, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігі алынып тасталды және де тағы басқа.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістердің тағы бір пакетіне қол қойды. Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауды енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды қорғауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру көзделген.

«Мемлекеттің одан әрі өркендеуі мен табысты дамуы көбінесе жас ұрпақтың қазіргі белсенді қоғамдық ұстанымына байланысты болады. Осы тұрғыда сауатты болу өте маңызды, ал құқықтық сауатты болу тек маңызды емес, бұл уақыт талабы. Шетте қалмауға, қоғамның құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналарын қалыптастыруға белсенді түрде қатысуға шақырамын», — деп айтты Арман Рахимов.

Соңында спикер студент жастардың сұрақтарына жауап берді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...