Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
10.3 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноград«Қазақстан халқына» қоры аудандар мен моноқалаларда робототехника кабинеттерін ашады

«Қазақстан халқына» қоры аудандар мен моноқалаларда робототехника кабинеттерін ашады

Қазақстандық оқушылар сұранысқа ие инженерлік құзыреттерді меңгеретін болады. Жаңа оқу жылына қарай 161 аудандық мектепте және моноқалалардағы 28 мектепте робототехника кабинеттері құрылады.

«Қазақстан халқына» қорының «Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша 1-6 сынып оқушылары бағдарламалау, құрастыру, мехатроника, электротехника және басқа да бағыттар бойынша білім алады. Жаңа инженерлік дағдылар оқушыларға түрлі мамандықтарды игеруге және болашақта сұранысқа ие маман болуға жәрдемдеседі. Еліміз бойынша барлығы 189 робототехника кабинеті ашылады.

Алғашқы робототехника кабинетінің таныстырылымы Ақмола облысының Қоянды ауылының №2 мектебінде өтті. Мектеп бағдарламалық қамтамасыз етуді, конструкторларды, электрониканы қамтитын робототехниканы зерттеуге арналған заманауи бағдарламалық-аппараттық кешенмен толықты. Кабинетті жаңартуға 3,6 млн теңге бөлінді.

Қайырымдылық бағдарламасы «Арман Инжиниринг» компаниясымен, Инженерлік білім беруді дамыту қорымен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

«Арман Инжиниринг» Ы.Алтынсарин академиясымен робототехника бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірлеп, бекітті. Кабинеттерге сатып алынған отандық жабдықтарға академия және республикалық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан оң қорытынды берілді. Инженерлік білім беруді дамыту қоры республикалық оқу-әдістемелік орталық базасында ұстаздар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

«Іске асырып жатқан бағдарламаның мәні кабинетті жабдықтау туралы емес, білім беру үрдісін құруға негізделген. Оқушыларға заманауи конструкторлар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынамыз. Бұл бағдарламалауды үйрену жолындағы құралдар. Сондықтан біз мұғалімдерді робототехникаға ғана емес, инженерлік құзыреттілікке үйретіп, толық әдістемелік қолдау көрсетеміз. Робототехниканы оқыған бала электротехник, интернет-платформаларды әзірлеуші, ұшу аппараттарын құрастырушы бола алады, яғни инженерлік білімнің арқасында ол көптеген мамандықтарды игереді. Қарапайым инженерден бастап автоматтандырылған кәсіпорынның басқарушысына дейінгі қызмет иесі атануға мүмкіндігі бар», – деді «R:ED – Robotics Education» робототехниканың халықаралық бағытының басқарушы директоры Максим Сушков.

«Болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасының алғашқы нәтижесін бір жылдан кейін бағалауға болады. Болашақ инженерлер дағдылары мен білімдерін таныту үшін робототехника бойынша республикалық олимпиада ұйымдастыру жоспарлануда. Республикалық кезеңнің жеңімпаздары халықаралық байқауға қатыса алады.

«Бір қарағанда робототехника бойынша лего, электроника бөлшектері бар бір шағын кабинет сияқты. Бірақ мұндай жобаның әлеуеті зор. Балалар робототехника арқылы бағдарламалауды игереді. Бағдарламалау – болашақтың мамандығы болғанымен, ол қазіргі күннің мамандығына айналды. Мысалы, бүгінде нарықта қаржыгерлерден гөрі қаржы мен бағдарламалауды қатар білетін мамандар үлкен сұранысқа ие. Өйткені, бағдарламашылар барлық салаларда қажет және сұранысқа ие. Олар бүгін өнім әзірлеу арқылы болашақты қалыптастырады», – деп атап өтті Қордың Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Айта кетсек, «Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша робототехника кабинеттері Қазақстанның барлық облысында әрбір ауданда және моноқалада құрылатын болады. Жобаның мақсаты – ауылдық жерлердегі және моноқалалардағы балаларға робототехниканы зерделеу үшін ресурстық орталық құру, инженерлік құзыреттер саласында қолжетімді сапалы білім беру ортасын қамтамасыз ету.

Бағдарламаны іске асыруға «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 673,2 млн теңге, «Арман Инжиниринг» компаниясы және Инженерлік білім беруді дамыту қоры 464,5 млн теңге бөлді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...