Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқырман хатыЖарқынбек Мұхамеджанов ауызды тек құрғақ шөппен сүртуді ғана біледі

Жарқынбек Мұхамеджанов ауызды тек құрғақ шөппен сүртуді ғана біледі

Өткен 2022 жылдың көктем айынан бастап Щучинск қаласының тұрғыны, финполицияның бұрынғы қызметкері Ж.Мұхамеджанов, Бурабай ауданына қарасты Қарашілік ауылының егістік жерін алып, егін екпекші болып талпыныс жасап жүр. Қаншама рет елдің ішінен үгіт насихат жүргізіп, жиындар өткізіп бастамашыл болып алған Жарқынбек мырза, түрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Журалёвка 1» ЖШС-нің қазіргі таңда атқарып отырған жұмыстарын жоққа шығаруға талпыныс жасауда.

Жалпы бүгінгі күні фирмада қаншама адам еңбек етеді. Қысқы маусымда жергілікті шаруашылықтарын жүргізіп, фирмамызға тиесілі ауылдардың қыс бойы қарын тазалап, жолын тазалап дамыл көрмейміз.Көктемгі егістік, күзгі орақтан кейін, еңбеккөрсеткіші жақсы механизаторларға үстемақы (премя) беріліп еңбектерін елеп мадақтап жатамыз.

Өткен 2022 жылы біз ұстап тұрған ауылдардағы көпбалалы отбасыларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, сабан, жем беріп, күнкөрістерін жақсартуға барынша ат салысып жатырмыз. Халықтың егістіктен алатын пай үлесін толық берді. Бұны Қарашілік ауылының тұрғындары растап отыр.

Алдымен ірі шаруашылығымыздың Бурабай ауданы бойынша орталығы болып саналатын Ұрымқай ауылының мешітіне жылу құбырын тартқызып қаражат бөлсек. Біздің үстімізден Президентке, облыс әкіміне, Министірлікке т.б жауапты орган өкілдеріне арызданып жүрген Ж.Мұхамеджанов келіп жұмысшылармен сөйлессін. Ай сайынғы беретін еңбекақыны растайтын түбіртек (квиток) барлығы заң шеңберінде.

Жоққа шығара алмайды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заң баптарымен жұмыс істеп жатырмыз. «Журавлёвка 1» ЖШС-де диірмен, сұйықмай шығаратын цех, картоп егіп, түрлі көкіністерді өзіміз басқарып отырған ауылға арзан бағамен (базардағы бағадан көп мөлшерде төмен) береміз. Бұны екі ауылдың кез-келгені растайды.

Қарашілік ауылының жерін аламын деп отырған Ж. Мұхамеджанов қалай егін екпекші, қандай техникасына сеніп отыр? Биылғы тұқымдық астықты қайдан алмақшы. Жарайды. Үлкен ірі шаруашылығы бар агрофирма жерді қайтарып берсін дейік, бірақ ешқандай техникасы жоқ Ж. Мұхамеджанов көктемгі егісті қалай іске асырмақшы? Осы жағынан көпшілік ақыл таразысына салып ойланса екен дейміз. Бұл жайлы ауылдың жерін даулап отырған Ж.Мұхамеджановтың әдемі тіліне ерген халықтың өзі, бұрынғы пікірінен айнып, біздің фирмадан шықпаймыз деп отырғандығын айтқымыз келеді.

Бүгінгі таңда Қарашілік орта мектебінің жөндеуіне сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат қарастырып, электростанция орнатып бердік, бұны мектеп директоры да, ата-аналарда растайды. Әрине біздің фирманың мақсаты елді көркейтіп, ауылды гүлдендіру. Жергілікті тұрғындарға түйіктелген (тюк) сабанды қазірдің өзінде -1000 теңгеден сатып, жағдайы жоқтарға көмектесіп беріп жатырмыз. 500 тонна «отход» халық өз бағасына арзандатып жәрдемдесудеміз. Жалғыз біздің фирмаға қарасты ауылдар ғана емес-көрші ауылдардан келіп (отходты) сатып алуда, бұны Қарашілік ауылының тұрғындары жақсы біледі. Ауыл мен ауданның ортасындағы жолды тазалау, ауылдың ішін қардан тазалау күнделікті біздің күн тәртібімізде.

Ж.Мұхамеджанов ауылға келіп әр жерге видеоүндеу жіберіп, журналисттер арқылы жан-жаққа негативтік пікірлерді топтап жіберуде. Жазып, айтсын. Мүмкін біздің фирмадан жерді алып, ауылды гүлдендіре алатын шығар, бірақ қалай!?
Осы күнге дейін халыққа жасаған біздің демеушілігіміз жайлы ешбір ақпарат бермей келгенімізді пайдаланып отырғындына өзіміз де іштей өкініп отырмыз.

Бұдан былай Ж.Мұхамеджановтың Бұқаралық ақпарат құралдарына беріп жатқан сұхбат, жасап жатқан видеоүндеулеріне қарсы тойтарыс беруге мәжбүр болдық. Бұның барлығын халық көріп отыр. Демек бір ғана Ж. Мұхамеждановтың сөзі емес, жалпы халықтың пікірі мен ойы маңызды. «Журалёвка 1» ЖШС-нің жасап жатқан жұмысы тек халық үшін, халықтан асқан бізде байлық жоқ.

Өйткені Қарашілік ауылының тұрғындарының жылқылары биыл қыста арық болып қолға келді. Ауыл тұрғындарына көмек ретінде отход, сабан таратып бергенімізді бізді қаралап жүргендердің есіне салғымыз келеді.

Өздеріңізге деген зор құрмет сеніммен «Журавлёвка 1» ЖШС-нің қызметкерлерінің атынан: Жарас Елдосов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...