Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық оқушы шетелдік 6 университеттерінің грант иегері атанып, 4 университетке шақырту алды

Ақмолалық оқушы шетелдік 6 университеттерінің грант иегері атанып, 4 университетке шақырту алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Хайрушев Жарас өз ұстаздары мен ата-аналарын сүйінші хабармен қуантты.

Жарас ағымдағы оқу жылы АҚШ –тың 6 университетінің ( Widener university — 148000$; Michigan state university — 72000$; Arizona state university — 52000$,Loyola university Chicago — 84000$, Adelphi university — 100000$, George Mason university — 48000$ )   грант иегері атанды.

Сондай-ақ АҚШ-тың және Канаданың  4 университетінен (Pennsylvania state university, University of Illinois Chicago, University of Toronto , University of Ottawa) арнайы   шақырту алып отыр.

Жарастың бала күнгі арманы криминалист болу еді. Криминалистика туралы түрлі фильмдер мен көркем әдебиеттер оқып, болашақ мамандығы туралы ізденуді 7-сыныптан бастаған. 2023 жылы лицейдің 11-сыныбында оқып жүріп,   «Coursera» сайтындағы Сингапур университетінің «Криминалистика және криминальная психология» курсының тыңдаушысы атанады.

Қазіргі қоғамда қылмыстың өршіп тұрғандығы және оның алдын алу жолдары қандай деген сауал Жарасты бей-жай қалдырмады. Ол  осы мәселе төңірегінде үнемі ізденіп, түрлі әдебиеттер оқып, 2022-2023 оқу жылы «How do people get on the path murder and violence» деген тақырыпта адамдардың қылмысқа бару себебі жөнінде ғылыми зерттеу жоба жұмысын жазады.

2021-2022, 2022-2023 оқу жылы Жарас ағылшын тіліндегі республикалық дебат турнирлеріне қатысып, 1-орын иегері атанды. Сондай-ақ ағылышын тіліндегі «World scholars cup» халықаралық олимпиадасына қатысып, 5 алтын, 1 куміс медаль  иеленді.

Үздіксіз дайындық пен табандылығының  нәтижесінде Жарас IELTS сынағын 7 балға, SAT емтиханын 1200 балға тапсырып, өзі арман еткен криминалист мамандығы бойынша шетелдің белді  оқу орындарында заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл, әрине, оқушы мен ата-анасы үшін үлкен қуаныш және оқушыларын білім шыңдарын бағындыруға талаптандырып отырған «Білім-инновация»лицей-интернатының  табысты жеңісі деп білеміз.

Алтын ұя лицейінен қанат қаққалы түрған жас  түлегімізге білімнің биік шыңдарын бағындырып, туған еліне аман-есен оралып, Қазақ елі мен халқына адал қызмет ететін білікті маман иесі  болуына тілектестік білдіреміз.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...