2023 жылы Ақмола өңірінде 1000 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделіп жатыр. Аталған мақсатқа бюджет қоржынынан 70 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бірақ бұған қарамастан көпшілік жолдардың сапасыздығына наразылық білдіретіні бар. Мысалы, Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалында жыл басынан бері жол-құрылыс нысандарында және жолдарды күтіп-ұстау кезінде 680-нен астам ақаулар анықтады.
Облыс аумағындағы автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстау сапасы әрдайым халықтың, жұртшылық пен БАҚ-тың жіті назарында. Мәселен, автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және жөндеуге жыл сайын миллиардтаған мемлекет қаражаты бөлінеді. Облыс тұрғындарының осы жолдардың жағдайы, оларда ақаулардың болуы бойынша жауапты органдарға шағымдары мен өтініштері жиі келіп түсетін. Тіпті Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бұған назар аударғаны барлығына мәлім. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облысы бойынша филиалында атап өткендей, жол-құрылыс нысандары бақылауға алынып және халықтың барлық өтініштері бойынша шығулар жүргізіліп, жол-құрылыс материалдарының сынамалары алынып, олардың кейінгі зертханалық сынақтары өткізіледі. Нәтижесінде сапаны қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар қабылдануда.
«Филиал республикалық және жергілікті автожолдарғы 430-дан астам инспекциялық шығу жүргізді. Біздің сынақ зертханамызға жол-құрылыс материалдарының 480 жуық сынамасын алдық. Яғни, біз инспекциялық тексерулерді, іріктеулерді жүргізе отырып, қандай да бір жол ұйымын жазалау, немесе айыппұл салу мақсатын көздемейміз, ақауларды уақтылы анықтап, қажетті мерзімдерде жойғымыз келеді. Біз бұл учаскелерге анықталған ақауларды жою бойынша инспекция жүргіземіз.», — деп түсіндірді жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының бөлім бастығы Игорь Стефан.
Мамандардың айтуынша, үлкен жүк тасымалы мәселесі өңірде өзекті болып қалуда. Олардың облыс автожолдары бойынша бақылаусыз жүруіне байланысты жол жабыны, оның ішінде жөнделгені де тез жарамсыз болып қалады. Мұнда филиал облыстық аумақтық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп шығулар жүргізеді, онда ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды жүзеге асырады және жүк көліктері рұқсат етілген шекті нормадан жоғары жүктеменің болмауын бақылайды.