Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
8.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыБұдан былай телефон нөмірін тіркемес бұрын әуелі адамның бет-әлпетін сканерлейді

Бұдан былай телефон нөмірін тіркемес бұрын әуелі адамның бет-әлпетін сканерлейді

Енді байланыс операторлары қазақстандықтардың бет-әлпетін сканерлеп, кейін ғана ұялы телефон нөмірін тіркейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық талқыға шығарылған «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» министр бұйрығы «биометриялық деректер» терминімен толыққан.

Ол – абоненттің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес мәлеметтер.

«Абоненттік құрылғылар республика азаматтарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерін дұрыс сәйкестендірусіз онлайн сервис арқылы тіркейді. Бұл проблеманы абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланады. Осылайша, құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат болмайды. Осы қылмыстарды азайту және алдын алу мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттігі туралы шешім қабылданды», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр Бағдат Мусиннің бұйрық-жобасында.

Жаңа талап енгізілсе, онда ұялы байланыс операторлары абоненттерден биометриялық деректерді (адамның бет-әлпеті) жинап, кейін оған қызмет көрсету шартын жасасады.

Бұйрық жобасы 3 тамызға дейін көпшілік талқыда болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...