Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАршалы ауданының прокуратурасымен құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша талдау жүргізілді

Аршалы ауданының прокуратурасымен құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша талдау жүргізілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жалпы құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің негізгі және басты міндеті – қоғамға және құқықтық тәртіпке қолсұғушылықты болдырмау болып табылады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуін азайтудың жолдарын іздестіру және олардың алдын алудың тиімділігін артыру, қазіргі кезеңде қоғам алдында тұрған өзекті де әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі екені сөзсіз.

Осыған байланысты, Аршалы ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның және аудандық полиция бөлімінің осы бағыттағы 2021-2022 жылдарға және ағымдағы жылдың өткен кезеңіне қабылдаған шараларының тиімділігі мен толықтығына талдау жүргізді.

Талдау барысында профилактикалық іс-шаралар тек қағаз жүзінде жүргізілетіні және формальды сипатқа ие екендігі анықталды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі уәкілетті органдар мен комиссияларға жүктелген жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмейді, соның салдарынан профилактикалық есепте тұрған адамдар қайталама құқық бұзушылықтар жасайды, бұл өз кезегінде аудан аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне себеп болды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудандық полиция басқармасына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша уәкілетті органдардың жұмысында оң динамикаға қол жеткізілді, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша міндеттемелер жүктелген барлық субъектілердің үйлестірілуі мен өзара іс-қимылы жақсарды. Бұдан басқа, аудандық мәслихатқа комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің қаулылары жолданды, бұл қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету барысында туындайтын мәселелерді қарау сапасына да оң әсерін тигізеді.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

 Ақмола облысының прокуратурасы.

 

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...