Пятница, 31 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаАқмола полицейлері траншеяда үйінді астында қалып қойған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық...

Ақмола полицейлері траншеяда үйінді астында қалып қойған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Ақкөл ауданының полиция кезекші бөліміне Ақкөл қаласы, «Наука-1» саяжай алабы мекенжайында 59 жастағы ер адам сантехникалық жұмыстар жүргізу кезінде қайтыс болғаны туралы медбикенің телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына Ақкөл ауданының ПБ тергеу-жедел тобы шығып, үйдің ауласында орналасқан Ақкөл қаласы, «Наука-1» саяжай алабы мекенжайы бойынша ені 1,5 метр және тереңдігі 2 метр қазылған траншея қаралды.

27.07.2023 жылы шамамен 16.30 59 жастағы ер адам Ақкөл қаласы, «Наука-1» саяжай алабы мекен-жайындағы үй иесімен ауызша шарт бойынша тереңдіктегі 2 метр су құбырын төсеу үшін траншея қазу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Траншеяны тығыздау кезінде жердің жоғарғы бөлігі құлап, нәтижесінде ер адам үйінді астында қалып, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Бұл факт ҚР ҚК 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша СДТБТ-да тіркелген. Астана қ. ССИ-де мәйіттің сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған...

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...