Понедельник, 23 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАқкөлАқкөл ауданында құны 1,6 млрд теңге тұратын орман қорының жер телімі мемлекетке...

Ақкөл ауданында құны 1,6 млрд теңге тұратын орман қорының жер телімі мемлекетке қайтарылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Ақкөл ауданының прокуратурасымен жалпы ауданы 264 га сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге  пайдалануға берілген орман қорының жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аталмыш жер телімі 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген.

Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген.

Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңге тұратын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...