Пятница, 31 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаКөкшетауда жасөспірімді көлік қағып кетті

Көкшетауда жасөспірімді көлік қағып кетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің дерегінше, тамыздың 16-да сағат 11:04 Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Пушкин көшесіндегі №6 үйге қарама-қарсы, «Бамбино» дүкенінің жанында жасөспірімді автокөлік соққанын байқаған.

Анықталғандай, СҚО 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser көлігі жолодың рұқсат етілмеген тұсынан жүгіріп өтпек болған жасөспірімді қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен жасөспірім «иықтың жабық сынығы, оң аяғы тізесінің сынуы және шығуы» диганозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 2 бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ведомстводан.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған...

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...