2023 жылғы 28 тамызда Ақмола облысы бойынша СЭС департаментінен Жарқайың ауданында ЖШС жұмыскерлерінде «сібір жарасы» ауруына күдіктену оқиғалары тіркелгені туралы хабарландыру келіп түсті.
Директордың айтуынша, ЖШС-ға тиесілі 32 бас ірі қара өлген. Қырылған мал жойылды. Комиссиямен ет тәркіленді.
Есіл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 12 адам жатқызылды. Сондай-ақ, байланыста болған 22 адам анықталды, олар Жарқайың орталық аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің бақылауында. Клиникалық көрінісі бойынша «сібір жарасы» диагнозы қойылды. Науқастар клиникалық хаттамаға сәйкес ем алады, детоксикация терапиясы, антибиотикалық терапия жүргізілуде.
Санитариялық қызметпен эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде. Аудандық бас санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес байланыста болған адамдарға медициналық бақылау белгіленді.
Барлық тексерілген орталықта қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Оқиға орнында СЭС, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясы және ветеринарлық басқарма қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жұмыс істеуде.
Ертең Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланады. Жұқтыру ошағын жою жұмыстары жүргізілуде.
Үшқарасу ауылындағы аудандық ішкі істер бөлімінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды шектеу туралы жазбалар ілінді. Ауылға кіре берісте (шыға берісте) полиция жасақтары қойылып, кіретін-шығатын көліктер мен тұрғындар есепке алынуда.
Тұрғындар мен БАҚ өкілдерінен тексерілмеген деректерді жарияламауды сұраймыз.
Жағдай жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында.