Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыСу ресурстары және ирригация министрі Ақмола облысының Егіндікөл ауданында болды

Су ресурстары және ирригация министрі Ақмола облысының Егіндікөл ауданында болды

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақмола облысына келді.

Жұмыс сапары барысында Нұржан Нұржігітов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауылынан «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ МКК Степняк АҚ-на дейін және Сабынды ауылына дейінгі магистральдық су құбырларын қайта жаңарту барысымен танысты.

Ұзындығы 337 км су құбыры Егіндікөл, Қорғалжын және Атбасар аудандарының 24 елді мекенін сумен жабдықтау көзі болып табылады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ақмола облысында Нұра топтық су құбырын реконструкциялаудың ЖСҚ әзірлеуде. Жоба 4 кезеңге бөлінген.

«Біздің басты міндетіміз – осы жылдың соңына дейін Қорғалжын ауданы Сабынды ауылының басты құрылыстарынан Егіндікөл ауылына дейін шамамен 68 км және Егіндікөлден Степняк АҚП-ға дейін 16 км магистральдық желілерді реконструкциялау. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен бірге біз жұмыс барысын қарастырдық. Келесі жылы екінші және үшінші кезеңдерді іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде басты құрылыстарды ауыстыру және құбырларды тазалау», – деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов бұл жобаны іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Біздің алдымызға 2025 жылға дейін халықты сапалы ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету міндеті қойылды. Жұмыс басталғаннан бері мен күн сайын желілерді қайта құру бойынша жұмыстардың барысы туралы бейне есептер аламын. Ағымдағы жылы облыста сумен жабдықтау бойынша барлығы 48 жобаны іске асыру жоспарлануда», – деп атап өтті өңір басшысы.

Бүгінде «Bertysconstruction» және «Көкшетаугидрогеология» ЖШС күштерімен жұмыстар бір уақытта екі бағыттан жүргізілуде. Жобаны іске асыруға 330 млн теңге бөлінді.

Айта кетейік, су құбырының жиі жарылуларына байланысты Егіндікөл ауданына ауыз судың мүлдем келмейді. 2023 жылдың мамыр айында ауданда жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Аудан әкімдігі кәсіпкерлермен бірлесіп, жақын маңдағы аудандардан елді мекендерге күнделікті су жеткізуді жүзеге асырады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...